Түркия Футбол Федерациясы құмар ойындарына қатысқаны үшін 1 024 ойыншыны тәртіптік комитетке жіберіп, Екінші және Үшінші лига ойындарын екі аптаға кейінге қалдырды, деп хабарлайды Aladop.kz.
Суперлига және Бірінші лига ойындары жоспар бойынша жалғасады. Командалардың құрамын толықтыру мақсатында TFF FIFA-мен шұғыл келіссөздер бастады.
Федерация қысқы трансфер кезеңімен қатар тағы 15 күндік қосымша трансфер мерзімін сұрады. TFF тергеу жұмыстары жалғасып жатқанын және жаңа мәліметтерге сәйкес кеңейтілуі мүмкін екенін хабарлады.
Біздің серіктес: FONBET