Жарнама
Жарнама

11 есе қымбат Уэльс: Қазақстанның қарсыласы жайлы не білеміз?

03.09.2025, 12:03

4 қыркүйек күні Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Астана қаласында Уэльсті қабылдайды.
 

Жарнама
Жарнама

Бұл матчта қонақтар фаворит саналса да, Уэльс құрамасының бас бапкері Крейг Беллами Қазақстанға қатысты оң пікірін білдірді: 

    ⁃    Бізде Чемпиондар лигасында ойнайтын футболшылар жоқ. Ал Қазақстан құрамасында ондай футболшылар (Дастан Сәтпаев, Темірлан Анарбеков, Дамир Қасабулат) бірнешеу. Олар Еуропаның басты додасында шыңдалуға мүмкіндік алады. Сондықтан біз үшін олармен 4-5 айдан кейін емес, қазір қарсы ойнаған тиімді», - деген еді бас бапкер.

Әйтсе де шетелдік маманның бұл сөзін бірден жоққа шығаруға болады. Себебі, Уэльс құрамасында Чемпиондар лигасында доп тебетін ойыншылар бар. Уэльстің ең қымбат футболшысы Бреннан Джонсон (40 млн еуро) мен Бен Дэвис (6 млн еуро) «Тоттенхэм» сапында өнер көрсетеді. Одан бөлек, қарсылас сапынан қауіп төндірер фуиболшылардың қатарына Еуропа лигасының жалпы кезеңінің қатысушысы Неко Уильямс («Ноттингем Форест», 20 млн еуро), Дэниел Джеймс («Лидс Юнайтед») кіреді. Жалпы Уэльс сапында құны 10 млн-нан асатын 6 футболшы бар. Салыстырмалы түрде Қазақстан құрамасының жалпы құрамы 14,85 млн еуроны құрайды.

Уэльс командалары Чемпиондар лигасына шықпаса да, өткен маусымның соңында футбол жанкүйерлерін қуанышқа бөлей алды. «Рексхэм» атты жергілікті клуб Англияның бірінші лигасында 2-орынға ие болып, Чемпионшипке жолдама алды. Қазіргі шақыртылған құрамның арасынан осы клубтың өкілі, 33 жастағы Киффер Мур Астанада өнер көрсетуі әбден мүмкін. Футболшы кейінгі 3 ойында қанжығасын майлап жүр.

Әлемдік рейтингтегі орны

Уэльс FIFA рейтингінде 31-орында тұрса, Қазақстан 114-орынға жайғасқан.

Командалар қандай тәуекелге бас тігеді?

Шілде айының басында Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаров Қазақстан құрамасының бас бапкері Әли Әлиевтің тағдыры қыркүйек айындағы ойындардың қорытындысы бойынша шешіледі деген еді. Өкінішке қарай, Әли Әлиев алдағы кездесулерде ел тарихындағы ең үздік сұрмерген Бактиер Зайнутдинов, қақпашы Александр Заруцкий, қорғаушы Еркін Тапалов, шабуылшы Абат Айымбетов көмектесе алмайды.

Бас бапкер Крейг Беллами Уэльс сапындағы 10 матчтың тек біреуінде ғана есе жіберген. Бельгияға қарсы ойында тек 89-минутта Кевин Де Брюйненің голы қарсыластарға 4:3 есебімен жеңіс сыйлаған еді. 2022 жылы өз тобында 2-орын алған Уэльс осы жолы да сол жетістігін қайталауға ниетті. Бельгиядан бөлек, Солтүстік Македонияның да жақсы қарқынын ескерсек, қонақтарға тең есептің өзі жеткіліксіз.

Қандай артықшылықтары бар?

Қазақстан құрамасының сенетін жағы - жасанды төсеніші бар Astana Arena стадионы және 30 мың жанкүйер. Көрермендердің жалынды қолдауы алаң иелерінің шабуылда сенімді ойнауына мүмкіндік береді. Екіншіден, қонақтар 5 шақырым жол жүріп келеді. Әйтсе де Уэльс сырт алаңдағы кейінгі ресми 7 ойынның біреуінде ғана есе жіберген.

Уэльстің артықшылығы - қыркүйек айында тек 1 ғана ресми матч өткізеді. Ал Қазақстанды 7 қыркүйек күні сырт алаңда Бельгия күтіп тұр.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: