Жарнама
Жарнама

13-ші сектор шабуылға дайын – “Оспанов кет!”

Бүгін, 14:38

"Ақтөбе" жанкүйерлері көтеріліске шықпақ, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Dop телеграм арнасының хабарлауынша, 25 сәуір күні Қобыланды батыр атындағы стадионда өтетін "Ертіске" қарсы ойында жергілікті фанаттар клуб директоры Арман Оспановқа қарсы ауқымды наразылық шарасын ұйымдастыруды талқылап жатыр.

Трибуна ішіндегі наразылық оты күн санап тұтанып барады. Клуб басшылығы соңғы уақытта медиа кеңістікте белсенділік танытып, түрлі сұхбаттар бергенімен, бұл жанкүйерлердің ашуын баса алмады. Егер бұл жоспарланғандай жаппай сипат алса, бұл жай ғана жергілікті шу емес, жоғары жаққа бағытталған, елемеуге болмайтын үлкен сигналға айналмақ.

Жанкүйерлердің Арман Оспановты қабылдай алмауының бірнеше маңызды себебі бар, Оспанов кезінде Алматылық "Қайрат" фан-қозғалысының негізін қалаушылардың бірі болған. "Ақтөбе” мен "Қайрат" арасындағы бәсекелестікті ескерсек, бұл жағдай фанаттар үшін нағыз соққы болды.

Оспановтың кезінде әлеуметтік желілерде Ақтөбелік жанкүйерлердің намысына тиетін өткір пікірлер жазғаны әлі ұмытылған жоқ.

Бұған дейін Түркістанда өткен матчта "Ақтөбе” жанкүйерлері трибунадан Оспановтың жұмыстан кетуін кетуін ашық талап еткен болатын.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров