Англия чемпионатының бірінші турындағы «Фулхэм» - «Арсенал» матчында (0:3) алаң иелері сапында ямайкалық қорғаушы Майкл Эктор ойнады. Бұл кездесу оның Англия премьер-лигасындағы дебюті болды.
Эктор 2009 жылдан бастап 17 клубта ойнады, оның 15-де жалға берілген болатын. "Фулхэмге" дейін ямайкалық ойыншы алты түрлі ағылшын лигаларында ойнаған.
«Мен Премьер-лигада дебют жасағаныма мақтанамын. Бұл біз күткендей ойын болмады, бірақ біз бұдан да жақсы ойнай аламыз деп уәде беремін», - деп жазды Эктор «Арсеналға» қарсы матчтан кейін.
"Фулхэм" 2018-2019 маусымда Премьер-лигадан шығып қалған еді. Араға бір жыл салып команда қайтадан Англия чемпионатына жолдама алды.
Біздің серіктес: FONBET