Жарнама
Жарнама

15-тур. "Қайрат" "Ордабасыдан" опық жеді

13.06.2011, 02:02
Жарнама
Жарнама
Футбол. Қазақстан. Премьер-лига
Атырау - Тобыл 12.06.2011 19:00:00 Есеп: 0:2 (0:0) Бірінші гол: Тобыл 56-минутта Голы: Бекрич 56 (0:1), Лотов 85 (0:2)
Востoк - Тараз 12.06.2011 18:00:00 Есеп: 1:1 (0:0) Бірінші гол: Востoк 53-минутта Голдар: Абдулин 53 (1:0), Недашковский 87 (1:1)
Ертіс Павлодар - Жетісу 12.06.2011 19:00:00 Есеп: 2:3 (2:1) Бірінші гол: Ертіс Павлодар 9-минутта Қызыл қағаз: жоқ Пенальти: жоқ Голдар: Говедарица 9 (1:0), Заречный 19 (2:0), Бақаев 24 (2:1), Бақаев 60 (2:2), Ковалев 88 (2:3)
Қайрат - Ордабасы 12.06.2011 18:30:00 Есеп: 0:3 (0:0) Бірінші гол: Ордабасы 67-минутта Голдар: Тәжімбетов 67 (0:1), Перич 73 (0:2), Перич 83 (0:3)
Қайсар - Локомотив Астана 12.06.2011 18:00:00 Есеп: 2:4 (1:2) Бірінші гол: Қайсар 7-минутта Голдар: Богдан 7 (1:0), Нөсербаев 10 (1:1), Жұмасқалиев 42 (1:2), Плиев 54 (1:3), Максим 67 (2:3), Богавац 74 (2:4)
Шахтер Қарағанды - Ақтөбе 12.06.2011 17:30:00 Есеп: 1:0 (0:0) Гол: Финонченко 47

Қазақстан премьер-лигасының 15-тур ойындары өз мәресіне жетті. 6 ойынның тек біреуінде ғана алаң иелері жеңіске жетсе, 4 ойында қонақтар басым болып, 1 ойын тең нәтижемен аяқталды. Чемпионаттың мықтыларынан тек "Ақтөбе" ғана ұпай жоғалтты. Қарағандыға қонақтап барған Мұқанов шәкірттері Финонченко соққан жалғыз допқа жауап қайтара алмады.

Өз алаңында "Ақтөбені" 3:0 есебімен жеңіп жүрген "Қайрат" шымкенттен келген шеберлердің алдында шарасыз қалды. Қайта алғашқы минуттарда белгіленген пенальтиді Қайрат Әшірбеков соға аламай қалды. Әйтпегенде, шымкенттіктер шаруаны ертеден бітіріп тастар ма еді.

Оңтүстік жігіттері 1-таймда толықтай басымдылыққа ие болған. Касянов пен Евстигнеевтердің ортадан бағыттаған соққылары "Қайрат" қақпашысы Цветковқа оңай тимеді. Қапталдағы Нұрғалиев жылдам жүгіре финттер көрсетіп қорғаушылардың есін шығарды. Өткір шабуылдағы Перич техникалық арсеналын толлықтай паш етіп, қайта-қайта айып алаңына суырылып кіріп жатты. Бірақ, "Ордабасылықтар" сапында үздік өнер көрсеткен деп екінші таймда шыққан Дәуренбек Тәжімбетовты айтуға болар.

Арал өңірінің тумасы қорғаушылардың қателігін ұтымды пайдаланып, алыстан жойқын соққылар бағыттап, маңызды голдарды соқты. Бойшаңдығының арқасында 2-қабаттағы доптардың барлығына үн қатып, өзінің командағы пайдалылығын көрсетті.

Никитенко өз еркіменен бас бапкерлік қызметінен кеткеннен кейін, осы ойынға команданы Эдуард Глазунов алып шықты. Көбінесе жастарға сенім артып, жылдам шабуылдарға иек артты. Балтиевтің алаңда болмағаны да өзінің әсерін берді. Головской орталық алаңдағы үлкен жүкті толыққанды көтере алмады. Ағылшындық Джон Генри деген бапкер келуі ықтимал деген сөз шығып жатыр соңғы кезде. Бұрын Англия құрамасында доп тепкен ағылшындық бапкер 6 рет ұлттық құраманың жейдесін киген екен.

Осы турдағы елең еткізер кездесу Керекуде өтті. Толқыны қатты "Ертіс" "Жетісуды" 2:0 есебімен ұтып жатқан болатын. Бірақ Асқар Қожабергенов оңай беріле қойсын ба, жігеттеріне жігер беріп, қалай қимылдау керектігін дәл айтыпты. Бірінің артынан бірін 3 гол соққан талдықорғандықтар керемет жеңіске жетті.

15-турдан кейінгі турнир кестесі

О Ұ Т Ұ Д Ұ
1 «Астана» 15 10 3 2 25 - 16 33
2 «Жетісу» 15 9 4 2 25 - 10 31
3 «Ақтөбе» 15 9 2 4 26 - 12 29
4 «Шахтер» 15 9 2 4 24 - 13 29
5 «Ордабасы» 15 7 3 5 20 - 11 24
6 «Ертіс» 15 7 2 6 27 - 23 23
7 «Тобыл» 15 6 2 7 24 - 20 20
8 «Тараз» 15 5 1 9 11 - 17 16
9 «Атырау» 15 3 6 6 12 - 19 15
10 «Қайрат» 15 4 2 9 15 - 26 14
11 «Қайсар» 15 2 3 10 10 - 34 9
12 «Восток» 15 1 6 8 10 - 28 9
Мергендер
Команда Г (П)
1 Хайруллин Марат «Ақтөбе» 8 (0)
2 Бақаев Ұлықбек «Жетісу» 8 (1)
3 Хижниченко Сергей «Шахтер» 7 (0)

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Алдыңғы жаңалық
14-тур статистикасы