12-13 шілде күндері футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 16-тур аясындағы бес матч өтеді.
«Ұлытау» (Жезқазған) – «Елімай» (Семей)
Басталуы – 17:00
Өтетін орны: «Металлург» стадионы (Жезқазған)
«Ұлытаудың» жеңісі – 0
«Елімайдың» жеңісі – 2
Тең есеп – 0
Қазақстан Премьер-лигасының кезекті туры Жезқазған қаласында басталады. Бұл жұпта қонақтар айқын фаворит саналады. Оған себеп те бар. Андрей Карпович баптайтын ұжым жазғы трансферлік терезеде белсене жұмыс істеп, ұлттық құраманың футболшыларымен келісім-шарт жасасуда. Алдағы ойында Солтүстік Македонияға қарсы кездесуде көзге түскен Ғалымжан Кенжебек дебют жасауы мүмкін. Бірақ жақында ғана келген Рамазан Оразовтың қатыспауы мүмкін. Өйткені ол жаттығу барысында командадан көрінбейді. Маусым басында жарақат алған, былтыр «Қызылжар» капитаны атанған Евгений Березкин де толықтай қатарға қосылды. Семейліктердің құрамы өте мықты. Командалар биылғы маусымда 2 мәрте жолығып, барлығында 3:0 есебімен «Елімай» басым түскен. Бүгін де сол көріністің қайталану ықтималдылығы жоғары. Нұркен Мазбаев баптайтын «Ұлытау» сапынан бүгін қорғаушы Сергей Кейлер көмектесе алмайды. Екі рет қатарынан жеңіліске ұшыраған жезқазғандықтар азулы қарсыластың кілтін қалай табатыны әзірше белгісіз.
«Тұран» (Түркістан) – «Қызылжар» (Петропавл)
Басталуы – 20:00
Өтетін орны: «Түркістан Арена» (Түркістан)
«Тұранның» жеңісі – 5
«Қызылжардың» жеңісі – 1
Тең есеп – 1
Жеңіліс сериясы 8 матчқа жалғасып келе жатқан «Тұран» қалай да болсын сәтсіздігін тоқтатуға тырысады. Букмекерлер де қонақтардың оңай жеңіске жететіндігіне сенбейді. Неге? Біріншіден, БАҚ беттерінде «Қызылжар» клубының ойыншылары жалақысын ала алмай жүр деген ақпарат тарады. Бұл жайт ішкі атмосфераға әсер ететіндігі анық. Екіншіден, «Қызылжар» өз тарихында әлі қонақта жеңіске жетпек түгілі, 3 матчта мүлдем гол соқпаған. Үшіншіден, қонақтар соңғы рет Қазақстан чемпионатында 10 мамыр күні «Ұлытауды» ғана жеңген. Одан бергі матчтардың көпшілігі тең есеппен аяқталып жатыр. Бүгінгі кездесуде қандай интрига бар? Клубтар 90 минут бойы жеңіске ұмтылады. Себебі, турнир кестесінде аралары өте жақын тұр. Егер Милич Чурчичтің шәкірттері жеңіске жетсе, биылғы маусымда ұшу қаупінен құтылады. Егер алаң иелері басым түссе, ұшу аймағынан шығып қана қоймай, турнир кестесінің төменгі бөлігін одан әрі қыздыра түспек.
Біздің серіктес: FONBET