Жарнама
Жарнама

16 жастағы қазақстандық футболшы Бельгияның жастар чемпионатында дебют жасады

Бүгін, 12:22

16 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Әл-Фараби Мәделханов Бельгияның 19 жасқа дейінгі чемпионатында дебют жасады.

Әл-Фараби Мәделханов
Жарнама
Жарнама

«BX Brussels» U19 командасының сапында алаңға шығып, «Моленбекке» қарсы ойында 75 минут деп тепті. Жартылай қорғаушы маңызды матчта шабуыл шебінде өнер көрсетіп, гол соқты. Әл-Фараби Мәделханов командасының ірі есеппен жеңіске жетуіне өз үлесін қосты (4:2). Соңғы 14 матчта отандасымыз 9 гол соқты.

Әл-Фараби Мәделханов Астана қаласының тумасы. Бұған дейін елордалық «Динамо» мен «Оңтүстік» академиясының намысын қорғаған. Сондай-ақ Түркияда өнер көрсетті. Былтыр Бельгияға қоныс аударды. Айта кетейік, 2013 жылдың наурызында «BX Brussels» клубын «Манчестер Ситидің» бұрынғы қорғаушысы Венсан Компани сатыл алған. «BX Brussels» клубтың негізгі командасы аймақтық лигада өнер көрсетеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров