Жарнама
Жарнама

17:1? Мейлі жолдастық ойын болса да «Слован» кеше осылай жеңіпті. Ал «Қайрат» алдымен Финляндия чемпионынан өтіп алсын

22.07.2025, 10:42

Алматылық «Қайрат» ЧЛ-ның 3-іріктеу кезеңіне шықса, «Слован» - «Зриньский» жұбының жеңімпазымен жолығуы ықтимал.

Дастан Сәтпаев "КуПС" пен матч алдындағы жаттығуда
Жарнама
Жарнама

Мұндағы айқын фавориттің кім екені анық. Бірақ Словакияда чемпионат басталған жоқ. Десе де, братиславалық команда соңғы өткізген жолдастық матчта қарсыласын 17:1-мен жеңіпті, жоқ бұл жерде жойып жіберіпті деген теңеу орынды болады. Одан кейін словакиялықтарды анау-мынау емес, Владимир Вайсстың өзі жаттықтыратынын ұмытпауымыз керек. 2012-2015-жылдары алматылық ұжымды баптаған словакиялық өте тәжірибелі маман. «Қайратпен» жақсы таныс. Демек, «Қайратқа» қарсы қалай қимылдау керектігін біледі деген сөз. Кешелі бері біздегі біраз БАҚ жерден жеті қоян тапқандай мәз. «Қайраттың» жолы болды деп шулау қаншалықты дұрыс? Неге сүйеніп қуанады? Бірден айтайық - Словакияда футбол маусымының басталмағаны біздің командаға ешқандай басымдық бермейді. Сенбесеңіздер, «Ордабасы» мен «Ақтөбенің» жағдайын естеріңізге салайық. «Легия» жарайды, ал грузиялық команда ше? Онда да жарытып футбол ойнап жатқан жоқ еді ғой? Бірақ, шымкенттік команда екі матчта жеңіске жете алмады. Жеңісті қойшы, «Ордабасы» футболшыларының ойынынан физикалық, басқа бір артықшылық байқалды ма?! Иә, сол үшін «Слованның» түскеніне қуанып, тіпті қалпақпен ұрып аламыз деу енді білмейміз... Бұл, кем дегенде ақымақтық қой. Алдымен, Финляндия чемпионын өтіп алайық. Арғысын тағы көре жатармыз.  

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров