17-жасар Пау Кубарси ЧЛ-ның осы аптадағы үздігі

14.03.2024, 12:28

УЕФА-ның ресми сайты Чемпиондар лигасының осы аптадағы үздік 4 футболшысының есімін жариялады. Бұл тізімде «Арсеналдың» испаниялық қақпашысы Давид Райя, «Ателиконың» словениялық қақпашысы Ян Облак, «Боруссияның» жартылай қорғаушысы Джейдон Санчо мен «Барселонаның» жас қорғаушысы Пау Кубарси бар.

Айта кетейік, Джейдон Санчо «ПСВ» қақпасына кірген жеңісті голдың авторы (2:0), Райя мен Облак ойын соңындағы пенальти сериясында екі пенальтиді қайтарып, өздерінің командаларын келесі кезеңге алып шықты. 17-жастағы Пау Кубарси ЧЛ-дағы дебюті - «Наполиге» қарсы матчта алаңда 90 минут талмай өнер көрсетті.