Ташкенттік “Локомотивтің” шабуылдаушы жартылай қорғаушысы Лазизбек Мирзаев Испания біріншілігінде өнер көрсетуі әбден мүмкін.
Жас футболшыға Сегундада ойнап жатқан "Леганес" ұжымы қатты қызығуда екен. Испанияның екінші деңгейлі чемпионатында бақ сынасып жатқан клуб келер маусымда Ла Лигаға жолдама алады деп күтілуде. Ұжым чемпионатты сәтті аяқтап, элиталы дивизонда өнер көрсетуге мүмкіндік алса, онда трансферлік ауысымның алғашқы бөлігінде Лазизбек "Леганеске" ауысады. Оған дейін 17 жастағы ойыншы кәмілет жасқа толып, кәсіби келісімшартқа отыра алады.
Мирзаев Өзбекстан Суперлигасының осы маусымында 3 ойын өткізіп үлгерді. Ол ұлттық құраманың 17 жасқа дейінгі командасында барлығы 16 ойын өткізіп, 3 гол соқтты. Өз отанында Лазизбекті болашақ Криштиану Роналдуға теңеуде екен.
Өзбек ойыншыларының топ-5 лигаларда жиі өнер көрсетуі үйреншікті жағдайға айналып барады. Мәселен, А Серияда “Кальяри” намысын Шомуродов қорғап келеді. Хусанов деген футболшы «Ланс» командасына ауысып, ЧЛ мен ЕЛ бақ сынады. Уринбоев болса, Англия біріншіліктерінде өнер көрсеткен алғашқы өзбек ойыншысы атанды. Аббосбек Файзуллаевтың өзі алысқа ұзамай топ чемпионаттарға ауысуға дайын отыр.
Біздің серіктес: FONBET