Астананың “Жеңіс” клубының әйелдер командасының ойыншысы Виктория Қайсаринова қайғылы жол апатының құрбаны болды.
Клубтың баспасөз қызметі хабарлағандай, апат Павлодар–Астана тас жолында орын алған. Автокөлік жүргізушісі жол қауіпсіздігін сақтамаған және ара қашықтықты дұрыс ұстамағандықтан, Виктория отырған көлік жүк көлігінен соғылып, апатқа ұшыраған.
“Бұл жағдайға әлі де сену қиын. Бұл біздің бүкіл клуб үшін ауыр және орны толмас қаза. Виктория жарқын ойыншы және нағыз дос болды. Біз оның отбасымен, туыстарымен және жақындарымен бірге қайғырамыз. Ол біздің жүрегімізде мәңгі сақталады." – деп мәлімдеді клубтың баспасөз қызметі.
Біздің серіктес: FONBET