19 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Изат Құлжанов Ресейдің үшінші дивизионында өнер көрсететін "Носта" клубымен келісімшартқа отырды.
Құлжанов - "Ертіс" клубының тәрбиеленушісі. Ол ресми матчтарда негізгі команда сапында дебют жасаған жоқ. Алдыңғы маусымда Екінші лигада 32 матч өткізіп, 8 гол соққан.
Жазда футболшы сербиялық «Раднички» клубында қаралымда болған, бірақ аталған клубқа ауыса алмады. Новотроицк қаласының намысын қорғайтын "Носта" командасы 1991 жылы құрылған. ПФЛ біріншілігінде, Орал-Еділ тобында өнер көрсетеді.
Біздің серіктес: FONBET