Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы жас футболшының қазасына қатысты ресми мәлімдеме жасады.
«Ауруханаға түскен сәтте науқастың тамыр соғысы мен қан қысымы анықталмады, қарашықтары кеңейген. Дәрігерлер дереу реанимациялық шараларға кірісті. Барлық мүмкін әдістер қолданылып, 30 минут бойы өмірін сақтап қалуға әрекет жасалды. Алайда, көрсетілген медициналық көмектерге қарамастан, биологиялық өлім тіркелді», - делінген аталған ресми хабарламада.
Қайғылы жағдайдың нақты себебін анықтау үшін марқұмның денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Басқарма өкілдері жас спортшының отбасы мен жақындарына көңіл айтты. Қазіргі таңда өлімнің мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.
Біздің серіктес: FONBET