Жарнама
Жарнама

19 жастағы қазақстандық шетел командасындағы кезекті кездесуін өткізді

“Тренчин” командасы Словакия чемпионатының 9-турында “Слованнан” 1:2 есебімен жеңіліп қалды.

Жарнама
Жарнама

Аталған матчта отандасымыз Шахмырза Адырбеков бастапқы құрамда бастап, ойынның 55 минутында сары қағаз алып, арада 6 минут өткен соң орнын Райан Гьобероға босатты. 

Шахмырза “Тренчинге” ауысқалы екінші матчын өткізіп отыр. Бұған дейін жартылай қорғаушы өз командасының “Подберезово” ұжымымен болған ойынында жарты сағаттай өнер көрсетті (2:0).

“Тобыл” ФК түлегі словакиялық ұжыммен 2026 жылдың жазына дейін келісім шартқа отырды. Егерде футболшы өзің жақсы қырынан көрсететін болса, бір жылға командада қалуына мүмкіндігі бар. 

Айта кетейік, Шахмырза ойнап жатқан Тренчин командасы Найк Лиганың 9-тур қорытындысы бойынша 12 ұпаймен 6 орында келеді. 

 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: