“Бавария” дегенде Еуропаның алпауыт клубтарының бірі, тұрақты жеңістер, чемпиондық атақтар көз алдымызға келеді. Бұл клуб Бундеслиганы 34 рет, Чемпиондар лигасын 6 мәрте жеңіп алған және футбол тарихындағы Франц Беккенбауэр, Герд Мюллер, Лотар Маттеус сынды аңыздар ойнаған ұжым. Алайда, мұндай алып клубтың өзі басынан қара бұлтты кезеңді өткерген. Соның ең бір қайғылысы 1991/92 маусымы.
1989/90 маусымында “Бавария” Бундеслиганы жеңіп, Еуропа кубогының жартылай финалына шықты. 1990 жылы клуб Эффенберг, Брайан Лаудруп және Кристиан Цигені қатарға қосып, құрамын күшейтті. Бірақ келесі маусымда біртіндеп құлдырау басталды. 1990/91 маусымда клуб соңғы сәтте чемпиондықтан айырылып, Еуропа кубогында жартылай финалда “Црвена Звездаға” қарсы өз алаңында капитан Аугенталердің автоголымен жеңіліп қалды.
Маусым “Бавария” үшін үмітпен басталған. Жаңа ойыншылар келіп, жанкүйерлер жаңа жетістіктер күтті. Бірақ алғашқы турларда-ақ дабыл қағыла бастады. Жаңа маусымның алғашқы матчтарында клуб “Вердермен” тең түсіп, Бундеслиганың дебютанты “Ханза Ростоктан” жеңілді.
Кубок бәсекесінде де масқара жағдай болды. Германияның екінші дивизионындағы әлсіз “Хомбург” клубы Мюнхенде 4:2 есебімен жеңіске жетті.
УЕФА Кубогында “Бавария” Ирландияның жартылай әуесқой “Корк Ситиімен” тең түсті (1:1), ал Мюнхенде әрең дегенде 2:0 есебімен өтті. Бұл кездесу де “Баварияның” осалдығын көрсеткен еді.
Көп ұзамай Данияның “Болдклуббен 1903” клубы “Баварияны” 6:2 есебімен тас-талқан етті. Бұл клуб тарихындағы ең масқара еурокубоктық жеңілістердің бірі. “Бавария” екінші ойында 1:0 ұтып, турнирмен қоштасты.
Бапкер Юпп Хайнкес маусым ортасында жұмыстан қуылды. Кейін оның қызметтен кетуі Ули Хенесс өміріндегі ең үлкен қателік деп бағаланды.
Серен Лерби тәжірибесіз бапкер, лицензиясыз жұмыс істеп, команданы 14-орынға дейін құлатты.
Эрих Риббек үшінші бапкер ретінде келгенімен, ешқандай нәтиже көрсетпеді. “Бавария” маусымды 10-орынмен аяқтады.
Қорытынды статистика:
10-орын – соңғы онжылдықтағы ең төмен нәтиже
14 жеңіс, 12 жеңіліс, 6 тең ойын
гол айырмасы: –2
Кубок пен Еуропа аренасынан ерте шығып қалды
Маусым соңында клуб Мехмет Шолл, Йоргиньо, Томас Хельмер сияқты ойыншыларды сатып алды, Лотар Маттеус “Интерден” қайтып келді.
Нәтижесінде келесі маусымда “Бавария” қайта күшейіп, Бундеслигада 2-орын алды.
1991/92 – “Бавария” үшін ең масқара, ең төмен маусым болып қалды. Осыдан кейін олар тек екі рет қана алғашқы үштікке енбей қалды. Бірақ бұл маусым клубтың жай ғана машина емес, адамнан құралған команда екенін еске салады. Сол бір жылы олар да басқа командалар секілді қателесіп, күйрей алды.
Біздің серіктес: FONBET