Жарнама
Жарнама

2.2 миллион халыққа 35 мың орындық стадион салынбақшы

19.10.2025, 10:50

Алматыда жаңа футбол стадионының салынатыны туралы ақпарат қоғамда үлкен қызығушылық пен талқылау туғызуда. Әлеуметтік желіде жанкүйерлер мен спорт сарапшылары 35 мың орындық аренаның 2,2 миллион халқы бар қала үшін аздық етуі мүмкін екенін айтып, жобаның сыйымдылығын арттыруды ұсынды.

Жарнама
Жарнама

Бұл мәселеге байланысты Kazinform агенттігі қалалық құрылыс басқармасына ресми сауал жолдаған. Мекеменің жауабына сәйкес, қазіргі таңда бекітілген техникалық тапсырма мен алдын ала жасалған нобайлық жобаға сай жаңа стадионның сыйымдылығы 35 000 орын болып белгіленген.

Сонымен қатар, құрылыстың нақты басталу мерзімі әзірге анықталмағаны хабарланды. Биылғы қараша айына дейін жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін мердігер компаниямен келісімшарт жасалмақ. Осы құжат негізінде құрылыс көлемі мен мерзімі нақтыланады.

Жобаның басты ерекшеліктері:

  • табиғи көгалмен жабдықталған футбол алаңы
  • UEFA-ның 4-санат талаптарына толық сәйкестік
  • 1000-нан астам автотұрақ орны
  • жаттығу базалары мен жанкүйерлерге арналған демалыс аймақтары
  • заманауи қауіпсіздік жүйесі мен айнала аумақты абаттандыру шаралары

Бұған дейін қала әкімдігі Медеу ауданында және Күлжін трактісінің оңтүстігінде орналасқан екі жер учаскесін арена құрылысына бөлу туралы қаулы қабылдаған болатын.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбеков мәлімдегендей, жаңа стадион салу жұмыстары қатарында қаланың Орталық стадионын жаңғырту ісі де жалғасып жатыр. Ол жаңа арена пайдалануға берілгеннен кейін де қызметін жалғастырады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров