2 жыл Түркия Суперлигасында доп тепкен Бактиер Зайнутдинов қайта Ресей Премьер-лигасына оралды.
Қазақ футболындағы екінші қымбат трансфер
2023 жылы «ЦСКА» клубы Бактиер Зайнутдиновты «Бешикташқа» 4,5 млн еуроға сатты.
Футболшы түркиялық команданың сапында жылына 1,2 млн еуро жалақы алды.
Бағасы 2 есеге арзандады
2023 жылы Қазақстан футболының ең қымбат футболшысы ретінде саналған (6 млн еуро) еді. Қазір оның құны 3 млн еуроны құрайды.
«Бешикташ» сапында 49 мәрте алаңға шығып, 1 гол+1 нәтижелі пас берді. Клуб сапындағы ол көп жағдайда сол қаптал (19 ойын) мен орталық қорғаушы (16) ретінде ойнады. Сондай-ақ, 2023 жылы Түркия кубогын жеңіп алған алғашқы отандық футболшы атанды.
2 жылдың ішінде Бактиер Зайнутдинов 8 мәрте жарақат алып, 31 матчқа қатысу құқығынан айырылды.
Футболшы 2 маусымда Бурак Йылмаз, Сердар Топрактепе, Шенол Гюнеш, Рыза Чалымбай, Фернанду Сантуш, Джованни Ван Бронкхорст, Уле Гуннар Сульшер сынды бапкерлердің тұсында доп тепті.
Еурокубоктағы сәтсіздік
«Бешикташ» сапында еурокубокта ойнауға мүмкіндік алғанымен, түркиялық клуб 2023 жылы Конференция лигасының топтық кезеңі және 2024 жылы Еуропа лигасының жалпы кезеңінен плей-оффқа шыға алмады.
Біздің серіктес: FONBET