Жарнама
Жарнама

Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкеріне үміткерлердің есімі белгілі болды

10.09.2025, 14:15

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының қазіргі жағдайы қоғамда қызу талқылануда. Бельгиядан 0:6 есебімен ойсырай ұтылғаннан кейін бас бапкер Әли Әлиев өз орнын босататынын ресми мәлімдеген.

Жарнама
Жарнама

Осыған байланысты бұрынғы құрама ойыншысы Вячеслав Эрбес Sports.kz сайтына пікір білдіріп, жаңа бапкерлікке лайық мамандар туралы ойын айтты.

“Бұл сұраққа жауап беру оңай емес. Әрбір бапкер мұндай жауапкершілікті мойнына ала бермейді. Егер шетелдік маман шақырсақ үлкен қаражат қажет, ал нәтиже болатынына кепіл жоқ. Мысалы, Станислав Черчесов келіп еді, құрама бірде-бір гол соқпай, ақыры қомақты қаржымен еліне қайтты. Сондықтан бізге отандық маман қажет, ол өз футболымызды шын жүректен бағалайтын, соған жанын салатын адам болуы тиіс.” — деді Эрбес.

Ол сондай-ақ үш Қазақстандық маманды ерекше атап өтті:

Нұрбол Жұмасқалиев – бұрынғы ұлттық құрама ойыншысы, бапкерлік штабта тәжірибесі бар.

Самат Смақов – соңғы жылдары өз командасымен жақсы нәтижелер көрсетіп жүр.

Рафаэль Уразбахтин – жас, амбициялы бапкер, оның жетекшілігіндегі ұжымдар да сапалы ойын өрнегін танытуда.

Эрбестің пікірінше, дәл осы үш маман Қазақстан құрамасын жаңа белеске шығара алатын үміткерлер қатарында.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров