Жарнама
Жарнама

2-тур қорытындысы

17.03.2013, 23:57
Жарнама
Жарнама
Қазақстан премьер-лигасының 2 туры тең нәтижелі кездесулерге толы болды. Және гол соғылмаған ойындарда кездесті. Мысалы 1-тур ойындарында 25 гол соғылса, 2-турда небәрі 9-ақ гол соғылды. Ал сол соғылған тоғыз голдың 6-ауын легионерлер соққанын да жасыра алмаймыз. Бұл дегеніміз жергілікті ойыншыларға қарағанда сырттан келген келімсектер нәтижелі өнер көрсетуде. Елордада  астаналардың дербиі өтті. Қонаққа келген «Қайрат» «Астанадан» бір ұпай алып кетті. Ойын алдында Қайрат командасы төрешіліке байланысты дау  шығарды. Қызылордалық Акмалхан Холматов үнемі «Қайрат» ойындарында әділ төрелік етпейді деп шағым түсірді. Дегенімен ұлттық футбол лигасының басшылары бұл мәселеге байланысты ешқандай өзгеріс жасамады. Ойын барысында «Қайратқа» қарсы жасалған қастандықты төрешілер тарапынан көре алмадық. Тек «Қайраттың» өз ойыншылары гол соғатын мүміндіктерді мүлт жіберіп жатты. Бірінші турда екі гол соққан Мамаду Сиссей де алматылықтар үшін еш көмек бере алмады. Екінші таймда ойынды өз қоллдарына алған «Астана» да оңтайлы тұстарда осалдық танытты. Әйтпесе, Остапенко, Кетевоама секілді ойыншыларды гол соғатын тамаша мүмкіндіктер болды. Қайрат нұрдәулетовтің де алыстан бағыттаған соққыларына сәл ғана дәлдік жетіспей жатты. ТАРАЗ : АКЖАЙЫК  1:1 (1:1) ЖЕТЫСУ : ОРДАБАСЫ  0:0 (0:0) ИРТЫШ : ВОСТОК  1:1 (0:0) АТЫРАУ : ТОБОЛ  1:0 (0:0) АКТОБЕ : ШАХТЕР  3:1 (1:1) АСТАНА : КАЙРАТ 0:0 2-турдың өзге кездесулерінде Тараз өз алаңында Ақжайықпен тең түсті. Есеп 1:1. Ал  Жетісу-Ордабасы кездесуінде есеп ашылмады. Керекулік Ертіс соңғы минуттарды гол жіберіп алып, қолда тұрған үш ұпайдан айырылды. Қонаққа келген Восток командасы тең нәтиженің арқасында алғашқы ұпайларына қол жеткізді. Атырау сенсация жасап Тобылды ұтты. Жеңісті жалғыз голдың авторы Сергей Куцов. Турдың басты ойынына баланған Ақтөбе-Шахтер кездесуі 3:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді. Сонымен турнирлік кестеде екінші турдан кейін Ақтөбе көш бастап тұр. Одан кейін 4 ұпайлары бар Тараз, Ақжайық, Ертіс командалары. Ал кесте соңында екі дүркін ел чемпионы «Шахтер». Кеншілердің еншісінде әзірге ұпай жоқ. Одан бір саты жоғары тұрған елордалық клубта жалғыз ұпай.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров