Ол үшін “Реал Мадрид” командасы бүгінде “Марсельден” басым түсуі керек.
Бүгін сағат елорда уақытымен 00:00-де испандық ұжым өз алаңында франциялық “Марсельді” қабылдайды. Аталған кездесуде Хаби Алонсо шәкірттері оң нәтижеге қол жеткізсе, онда олар Чемпиондар Лигасы тарихында 200 матч жеңген ұжым ретінде тіркеледі.
“Реал” бұған дейін Чемпиондар Лигасында 199 ойын жеңді. Және барлығы 698 гол соқты. Корольдік ұжым жеңіспен қатар, бүгінде қарсылас қақпасына 2 голдық нәтиже тіркесе, онда турнир аясында 700 гол соққан еуропадағы алғашқы клуб атанбақ.
Мадрид ұжымы “Марсельге” қарсы матчта қиындыққа тап болмауы тиіс. Неге десеңіздер? Испандық клуб француздық командамен болған соңғы 4 кездесуде де жеңіске жеткен. Бір қызығы, “Реал” сол матчтарда қарсыласынан 2 гол басымдықпен ұтқан. Одан бөлек, Килиан Мбаппе Чемпиондар Лигасының 3 маусымы қатарынан 1-турда гол соқпай кетпеген. Ал “Марсель” командасы болса, 1-тур аясында өткізген соңғы 7 матчтың 6-ында олжасыз оралыпты.
Біздің серіктес: FONBET