Жарнама
Жарнама

2019-2020 жылғы маусымның үздік трансферлері анықталды

10.08.2020, 18:42
Жарнама
Жарнама

Танымал Whoscored статистикалық порталы Еуропаның Топ-5 чемпионатының өткен маусымындағы ең жақсы трансферлердің үздік құрамын анықтады.

Қақпадағы орынды "Копенгагеннен" ауысып келген 27 жасар «Брешия» қақпашысы Есс Йоронен алды.

Қорғаныс шебі келесідей: сол қапталда «Миланның» қорғаушысы Тео Эрнандес, оң қапталда «Вольфсбург» ойыншысы Кевин Мбабу, ортада «Боруссия» қорғаушысы Матс Хуммельс және «Манчестер Юнайтед» ойыншысы Гарри Магуайр.

Үш жартылай қорғаушы: "Монпелье" клубының ойыншысы Тежи Саванье және "ПСЖ" футболшысы Идрисса Гейе. Осы құрамға кірген тағы бір жартылай қорғаушы қыстың ең қымбат трансфері болды - Бруно Фернандеш, ол «Спортингтен» 55 миллион еуроға «Манчестер Юнайтедке» ауысып келді.

Шабуыл шебі де үш ойыншыдан құралды: орталық шабуылшы позициясында «Милан» клубының 38 жастағы ойыншысы Златан Ибрагимович, ал қапталда - "Монако" футболшысы Виссам Бен-Йеддер және «Боруссия» шабуылшысы Эрлинг Холланд.


Жарнама
Жарнама

Новости партнеров