2025 жыл спорт әлеміндегі ең ақылға сыймайтын, керемет жыл ретінде тарихта қалмақ. Бұл жыл барлық ұзаққа созылған "жүлдесіздік қарғыстарын" бұзып, бұрын табысқа жете алмағандардың бәріне дерлік жеңіс әкелді, деп хабарлайды Aladop.kz.
– "ПСЖ" Чемпиондар Лигасындағы алғашқы жеңісіне жетті. Клуб бұл атақты өте ұзақ күтті.
– Харри Кейн ақыры жүлде ұтып, футболдағы ең танымал "құрғақшылықтың” бірін тоқтатты.
– Сон Хён Мин мен "Тоттенхэм Хотспур" өздерінің көп жылғы жүлдесіздік "қарғысын" бұзып, Еуропа лигасының чемпионы атанды.
– Жарақаттан көз ашпайтын Усман Дембеле "Алтын допты” жеңіп алды.
– Оклахома Сити Тандер НБА-да тұңғыш рет чемпиондық атақты жеңіп алып, баскетбол әлемін таңғалдырды.
– Үндістандық крикеттің Ұлы ойыншысы Вират Кохли "РСБ” командасымен бірге IPL кубогын көтеріп, крикеттегі ең ұзақ "құрғақшылықтардың” біріне нүкте қойды.
– Ландо Норрис Формула 1-дегі алғашқы Әлем Чемпионатында жеңіске жетіп, МкЛареннің 2008 жылдан бергі 17 жылдық титулсыз кезеңін аяқтады.
– "Кристал Пэлас” клубы тарихындағы алғашқы ірі жүлдесін ұтып алды.
Жүлдесіздік кезеңі аяқталғандардың тізімі бұнымен тоқтап қалмады:
– 93 жылдық үзіліс – "Гоу Эхед Иглз" KNVB кубогы
– 70 жылдық үзіліс – "Ньюкасл Юнайтед” Аннлия лига кубогы
– 51 жылдық үзіліс – "Болонья” Италия кубогы
– "Интер Майами” – алғашқы MLS кубогы
Ал Қазақ футболында:
– Дастан Сәтпаев “Челсиге” қатарына қосылды & Чемпиондар лигасында алаңға шыққан 3-ші ең жас ойыншы атанды
– Алматылық “Қайрат” тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасына жолдама алды
– Чемпиондар лигасында Қазақ футболшылары гол соқты
Осылайша 2025-ші жанкүйерлерінің есінде ұзаққа сақталатын керемет жылдардың бірі болып қалмақ.
Біздің серіктес: FONBET