Жарнама
Жарнама

2025 жылғы Азияның үздік жас футболшысының есімі белгілі болды

04.01.2026, 11:34

Абдукодир Хусанов — 2025 жылдың Азиядағы ең үздік жас футболшы, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Өзбекстан ұлттық құрамасы мен "Манчестер Сити" клубының қорғаушысы Абдукодир Хусанов  Goalpost журналының нұсқасы бойынша "Азияның ең үздік жас футболшысы” атағын иеленді.

21 жастағы талантты қорғаушы үшін 2025 жыл мансабындағы ең жемісті кезең болды. Ол бір жылдың ішінде бірнеше маңызды белесті бағындырып үлгерді.

Қаңтар айында "Манчестер Сити” сапына ауысқан Хусанов Ағылшын Премьер лигасында өнер көрсеткен тұңғыш Өзбек футболшысы ретінде тарихқа енді.

Маусым айында Өзбекстан құрамасының сапында сәтті өнер көрсетіп, өз елінің Әлем чемпионатының жолдамасына ие болуына қомақты үлес қосты.

Ағымдағы маусымда ол Хосеп Гвардиола бастаған "Манчестер Сити” сапында 9 рет алаңға шығып, жоғары деңгейдегі ойын үлгісін көрсетті.

Дауыс беру нәтижесінде Хусанов Азияның өзге де жарық жұлдыздарын басып озды. Олардың қатарында отандасы Аббос Файзуллаев ("Истанбул Башакшехир"), Австралиялық Нестори Иранкунда ("Уотфорд") және Индонезиялық Марселино Фердинан ("Оксфорд Юнайтед") бар. Сондай-ақ, Жапония мен Оңтүстік Кореяның ең үздік жас таланттары да Хусановтың көрсеткішіне жете алмады.

Азиядағы үздік атануынан бөлек, Хусановтың есімі жаһандық деңгейде де аталып өтті. Атап айтқанда, беделді The Athletic басылымы жариялаған "Әлемнің ең үздік 100 футболшысы” тізімінде жас қорғаушы 86-шы орынға тұрақтады. Бұл — Орталық Азия футболы үшін өте сирек әрі жоғары көрсеткіш.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров