Футбол әлеміндегі ең беделді жеке марапат — "Алтын доп" үшін талас жаңа деңгейге көтерілді. 2026 жылғы бәйгеге клубтық жетістіктерден бұрын, Әлем чемпионатындағы көрсеткіштер айтарлықтай әсер етіп отыр. Биылғы маусымда бірнеше футболшының шоқтығы биік, деп хабарлайды Aladop.kz.
Харри Кейн
Қазіргі уақытта басты үміткер ретінде дәл осы Кейн саналып отыр. Ол "Бавария" сапында 51 ойында 61 гол соғып, феноменалды көрсеткіш көрсетті және клубпен бірге Германияда "алтын дубль" жасады. Алайда, Англия құрамасының Әлем чемпионатында Аргентинадан жеңіліп, финалға жете алмауы оның мүмкіндігіне аздап нұқсан келтірді. Дегенмен, оның 73 голға жуықтайтын маусымдық көрсеткіші оны тізімнің басына жайғастыруда.
Ламин Ямал
"Барселонаның” жас таланты Ламин Ямал тарихта 20 жасқа толмай жатып Еуропа чемпионаты мен Әлем чемпионатының финалында ойнап, екеуінде де жеңіске жеткен алғашқы ойыншы атанды. Оның Испания құрамасының жеңісіне қосқан үлесі мен Әлем чемпионатындағы дриблингтері Лионель Мессидің көрсеткіштерінен де асып түсті. Сонымен қатар, ол "Барселонамен" бірге Ла Лиганы жеңіп алған.
Лионел Месси
39 жасқа толғанына қарамастан, Лионель Месси әлі де бәсекеге қабілетті екенін дәлелдеді. Ол Әлем чемпионатында Аргентина құрамасын тағы да алға сүйреп, бірнеше маңызды голдар мен нәтижелі пастардың авторы атанды. Тарихта 7 рет "Алтын доп” иегері атанған Месси үшін бұл сегізінші рекордтық марапат болуы әбден мүмкін.
Килиан Мбаппе
Әлем чемпионатының тарихындағы үздік сұрмерген атанып, екі рет "Алтын бутсыны” жеңіп алған алғашқы ойыншы болды. Алайда, "Реал Мадридтің” биылғы маусымды жүлдесіз аяқтауы оның "Алтын допты" алу мүмкіндігін төмендетері сөзсіз. Мбаппенің өзі де жеке рекордтардан гөрі командалық жеңістің маңызды екенін атап өткен болатын.
Родри
2024 жылғы "Алтын доп" иегері Родри ауыр жарақатынан кейін қайта оралып, Испания құрамасымен бірге Әлем чемпионы атанды және турнирдің "Алтын добын” (үздік ойыншы) иеленді. Ол алаңдағы ойынды басқару қабілеті бойынша Хави мен Иньеста сияқты аңыздарды еске түсіруде.
"Алтын доптың" 70-ші мерейтойлық тапсыру рәсімі 26 қазанда Лондонда өтеді. Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылғы марапатты "ПСЖ” шабуылшысы Усман Дембеле иеленген болатын.
Біздің серіктес: FONBET