Ұлыбритания мен Ирландия футболдан 2028 жылғы Еуропа чемпионатын қабылдайды, деп хабарлайды Daily Mail.
Бұған дейін Ұлыбритания мен Ирландия турнирді өткізу туралы бірлескен өтінім берген болатын.
Үміткерлер қатарында болған Түркия кандидатурасын алып тастауы мүмкін. Соңғы санкцияларға байланысты Ресейдің аталмыш турнирді өткізуі екіталай.
Осылайша, Ұлыбритания мен Ирландияға бәсекелес болмағандықтан, қос мемлекет турнирді өткізу құқығына ие болады. Ресми келіссөздер процесі 2023 жылдың қыркүйегіне дейін созылуы керек еді, бірақ Ұлыбритания мен Ирландия ұйымдастырушылардың техникалық талаптарына сәйкес келсе, УЕФА шешімді ертерек қабылдайды.
Біздің серіктес: FONBET