Жарнама
Жарнама

2028 жылғы Еуропа чемпионатына 32 команда қатысуы мүмкін

10.03.2022, 00:21
Англия бұл өзгеріске қарсы болып отыр.
Жарнама
Жарнама

УЕФА 2028 жылдан бастап Еуропа чемпионатына қатысушылар санын 32 командаға жеткізгісі келеді, деп хабарлайды Daily Mail.

Дереккөздің хабарлауынша, Англияның кәсіби футболшылар қауымдастығы (PFA) бұл өзгерістерге қарсы болған. Олар Еуропа чемпионатына қатысушылар санының артуы турнир сапасының төмендеуіне әкеледі деп санайды.

Айта кетейік, 2028 жылғы Еуропа чемпионаты Ұлыбритания мен Ирландияда өтуі ықтимал.

Естеріңізде болса, 2016 жылдан бастап Еуропа чемпионатына қатысушылар саны 16 командадан 24 командаға дейін артқан болатын.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров