2029 жылы өтетін клубтар арасындағы әлем чемпионатына қатысатын 32 команданың төртеуі белгілі болды.
Әлемнің төрт конфедерациясында өткен халықаралық турнирлердің жеңімпаздары қазірдің өзінде алдағы жаһандық доданың жолдамасын иеленіп қойды:
Турнирдің қай елде өтетіні әлі нақты шешілмеді. Алайда Испания, Португалия және Марокко елдері 2030 жылғы әлем чемпионатын ұйымдастыру алдында тесттік режимде өткізуге ниетті.
Сонымен қатар Қатар, Бразилия, АҚШ пен Аустралия да ықтимал үміткерлер қатарына кірген. Алайда қазіргі уақытқа дейін бірде-бір ел ресми өтініш тапсырған жоқ.
Біздің серіктес: FONBET