Ресейлік Livesport.ru сайты "Қайрат" пен "Селтик" арасындағы Чемпиондар Лигасы плей-офф кезеңінің жауапты ойынын сараптап, Темірлан Анарбеков жайлы пікір білдірді.
Мақалада былай делінген:
"210 минут бойы "Селтик” өздерінің менсінбеген "Қайраттың” қорғанысын бұза алмады. Екі ойын да бір-біріне ұқсас өтті, қақпа алдында қауіпті сәттер жоқтың қасы. Глазгода Шотландтар "Қайраттың" қорғанысын, ал Алматыда аптап ыстық пен ұзақ сапарды сылтауратты. Бірақ мұндай уәждер сенімді есептелмейді. Чемпиондар лигасында тәжірибесі мол, бюджеті әлдеқайда үлкен команда мұндай қарсыласты жеңуі керек еді. Алайда "Селтик” қазақтардың прессингінде тұсалып, қарапайым пастарда да қателесті. Алғашқы таймдағы ең қауіпті соққыны Джеймс Форрест жасады, бірақ оны 21 жастағы қосалқы қақпашы Темірлан Анарбеков қайтарды. "Қайрат" бұл ойынды бірнеше негізгі ойыншыларысыз өткізді. Жарақат алған қақпашы Александр Заруцкий, Бразилиялық Эдмилсон және "Челсимен” келісімшартқа қол қойған 17 жастағы Дастан Сәтпаев алаңға шыққан жоқ. Соған қарамастан, қорғаушылар әр доп үшін жанын салды, жартылай қорғаушылар қарсыластың екпін алуына мүмкіндік бермеді, ал алда Жоржиньо мен Громыко бар мүмкіндікті пайдалануға тырысты. 86-минутта Каллум Макгрегор Дайдзен Маэданы қақпашымен жалғыз шығарды. Бірақ Жапон шабуылшысы допты аспандатып тепті. Кейін дәл сол Маэда пенальтилерде де бірінші болып қателесті. Одан кейін Адам Айда мен Люк МакКован да мүлт кетті. Әр соққыда Анарбеков бағытын дөп тауып, барған сайын сенімді бола түсті. Бір апта бұрын оның атын тек Қазақстанда ғана білетін. Бүгінде ол Еуропа спорт басылымдарының қаһарманы. Анарбеков бастапқыда алаңға шығуы тиіс те емес еді, бірақ негізгі қақпашының жарақаты оған тарихи мүмкіндік сыйлады. Ол матч бойы сенімді ойнап, соққыларды қайтарды, қорғанысты басқарды. Пенальтилерде қарсыласты психологиялық тұрғыдан жеңіп, бес соққының үшеуін тоқтатты. Осылайша ол сенсацияның басты кейіпкеріне айналды. Енді олар "ПСЖ” не "Реал” не “Манчестер Ситиді” мыңдаған шақырым жүріп, Алматыға келуге мәжбүр етуі әбден мүмкін."
Біздің серіктес: FONBET