Жарнама
Жарнама

22 жастағы миллиардер жігіт «Сандерленд» клубының қожайыны атанды

26.12.2020, 18:56
«Сандерленд» дәл қазіргі уақытта Бірінші лигада өнер көрсетіп жүр.
Жарнама
Жарнама

Жас миллиардер Кирилл Луи Дрейфус Англияның Бірінші лигасында ойнайтын "Сандерлендті" Стюарт Дональдтан сатып алды.

"Біріншіден, мен Стюарт Дональдқа үлкен алғысымды білдіргім келіп отыр. Сол кісінің соңғы үш айдағы ұқыптылығы мен білімділігінің арқасында маған "Сандерлендтің" акцияларының бақылау пакетін сатып алу бұйырды. Мен клубтың қазіргі иесі ретінде команданың ұзақ өмір сүруі үшін барымды саламын және клбутың өткені мен бүгінгі экономикалық жағдайын есептегенде, бұл істің қиын екенін білемін", - деп жазады "Сандерленд" командасының баспасөз қызметі Кирилл Луи-Дрейфустың сөзін.

Кирилл - "Аdidas" компаниясының бас директоры Роберт Луи-Дрейфустың ұлы. Роберт 2009 жылы көз жұмған. Оның байлығы 2 миллиард доллардан асады. Ал анасы Маргарита Дрейфустың байлығы Forbes журналының мәліметтері бойынша, 5,6 миллиардты құрайды.

Шыңғысхан Досмухамбетов

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров