Жарнама
Жарнама

23-ақпан. Жеребе тарту рәсімі

23.02.2014, 05:41
Жарнама
Жарнама
Жеребеден қорықпаймыз! Ертең футболдан 2016 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінің жеребесі тартылады. Қазақстан құрамасы сол баяғыша жетінші қоржында жатыр. Іріктеу ойындарынан озып шығу Қазақстан құрамасы үшін оңай болмас. Сондықтан бізге Германия келді не, Болгария келді не бәрібір. Жеребеден қорықпаймыз! Ереже бойынша 53 команда 9 топқа бөлінеді. 8 топта 6 командадан болса, 1 топта бес команда ойнайды. 2016 жылғы Еуропа чемпионатына 24 команда қатысатыны белгілі. Франция жарыс қожайыны ретінде іріктеу ойындарына қатыспайды. Қалған 23 команда мынандай жолмен анықталады: 1. Әр топтан үздік шыққан екі команда чемпионатқа тікелей барады – 18 2. Үшінші орын алған команданың ішінде ұпай жоғары болған бір команда да Еуропа чемпионатына жолы түседі – 1 3. Үшінші орындағы қалған сегіз команда өзара жұптасып, төрт жолдаманың иесін анықтайды – 4 УЕФА іріктеу ойындарының алдында 53 команданы рейтинг бойынша 7 қоржынға бөлді. Қоржын № 1. Испания, Германия, Нидерланды, Италия, Англия, Португалия, Греция, Ресей, Босния және Герцеговина Қоржын №2. Украина, Хорватия, Швеция, Дания, Швейцария, Бельгия, Чехия, Венгрия, Ирландия Қоржын №3. Сербия, Түркия, Словения, Израиль, Норвегия, Словакия, Румыния, Австрия, Польша Қоржын № 4. Черногория, Армения, Шотландия, Финляндия, Латвия, Уэльс, Болгария, Эстония, Беларусь Қоржын № 5. Исландия, Солтүстік Ирландия, Албания, Литва, Молдова, Македония, Әзірбайжан Грузия, Кипр Қоржын № 6. Люксембург, ҚАЗАҚСТАН, Лихтенштейн, Фарер, Мальта, Андорра, Сан-Марино, Гибралтар
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров