Жарнама
Жарнама

23 мың билет кімдердің қолына тиеді?

“Қайрат” пен “Реал Мадрид” арасындағы кездесуде қолдаудың басым бөлігі Испан ұжымында болғалы тұр екен.

Жарнама
Жарнама

Журналист Рауан Оқас, facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасына 30 қыркүйекте болатын кездесудің билеттерін “Реал-фандар” жаппай сатып алатынын жеткізді.

Комментатор мәліметінше, 23 мың билеттің 3 мың данасы Мадридтен келетін шетелдік фанаттарға, 2 мың данасы елдегі атқамінерлерге, 5 мың данасы қырғыз бен өзбек азаматтарына (“Реал-фандар”), 7 мың данасы өзіміздің “Реал” деп әнұран салған қазағымызға, 5 мың данасы алдын-ала тапсырыс берілген ұлттық компанияларға, соңында қалған 1000 мың билет сайтта қаншама сағаттар бойы өз кезегін күткен жанкешті жанкүйерлерге үлестірілмек.

Бұл дегеніміз стадионның басым бөлігін ақ жейде киген “Реал” жанкүйерлері басады деген сөз. 

Айта кетейік, жоғары аталған ойынның ең арзан билет құны 30 мыңнан бастау алып, ең қымбатының құны 250 мың теңгеге дейін барады. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: