Жарнама
Жарнама

23 мың орын – 140 мың өтініш! Қазақстандықтар шынымен де “Қайратқа” жанкүйерлік етеме? әлде “Реалды” көргісі келді ме?

18.09.2025, 09:00

Рафаэль Уразбахтин "Реалға" қарсы матч алдында жанкүйерлердің ерекше толқып, үлкен қызығушылық танытып отырғанын айтты.

Жарнама
Жарнама

"Әр футболшыға небәрі бес билеттен берілді. Біздің стадионның сыйымдылығы 23 мың орын ғана. Бірақ менің қолымдағы деректерге сәйкес, осы матчқа 140 мыңға жуық өтініш түскен. Басшылықтың айтуынша, барлық билеттерді бірден бөліп берсек, қарапайым жанкүйерлер мүлде билетсіз қалады. Сол себепті тепе-теңдік сақтап, билеттерді сатылымда қалдыруға тура келді.

Иә, бұл нағыз ажиотаж. Бірақ біз мұндай қызығушылықты Чемпиондар лигасының барлық матчтарында сезіндік. Қызығы кейбір адамдар футболға ешқашан бармаған болса да, дәл осы ойынға барғысы келеді. Білмеймін, олар "Реалды” көргісі келе ме, әлде бізді қолдағысы келе ме?” – деді Уразбахтин.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров