Солтүстік Македонияның Кочани қаласында болған жойқын өрт кезінде жергілікті «Шкупи» футбол клубының футболшысы Андрей Лазаров мерт болды.
Андрей түнгі клубтағы жастарды өрттен құтқару кезінде қаза болған. 16 наурызға қараған түні 2:30 шамасында қаладағы түнгі клубта ауқымды өрт болған. Көңіл көтеруге келгендердің бірі ғимарат ішінде пиротехника атып, қызыл жалын бірден лап берген. Демалуға келген жүздеген адам бірін-бірі таптап, салдарынан 59 адам мерт болған еді.
Оқиға орнында болған Андрей Лазаров ғимараттан өзі шығып кетпей, өзгелерге көмектесуді ұйғарған. Футболшы денесінің көп бөлігін күйік шалғанын тек сыртқа шыққанда бір-ақ біліпті. Жедел жәрдем дереу келгенімен, футболшы жансақтау бөлімінде көз жұмды. Осы оқиғаға байланысты Шкупи клубының әлеуметтік желісінде «Оның көзсіз ерлігі біздің жадымызда мәңгілікке сақталады», - деп жазылған.
Біздің серіктес: FONBET