Жарнама
Жарнама

3-тур. "Тараз" бен "Ертіс" ұпай жоғалтар емес

25.03.2012, 23:34
Жарнама
Жарнама
[caption id="" align="alignleft" width="240" caption="Брана ИЛИЧ"][/caption]

Үшінші тур ойындары өте тартысты өтті. 100% көрсеткіш көрсетіп келе жатқан екі ғана ұжым бар. Олар "Тараз" бен "Ертіс" командалары. Любомир Петрович шәкірттері қызылордалық "Қайсарды" 2:1 есебімен ұтса, керекулік "Ертіс" сырт алаңда "Оқжетпесті" талқандады. Есеп 4:1. Қазақстан біріншілігінде енді өз алаңында гол соқпаған команда қалмады. Және осы тур алдында өз қақпасына гол жібермеген жалғыз "Тараз" командасы да осы статистикасына өзгерту енгізіп алды. 

Біріншілік басталғалы бері гол салмаған "Астана" ашуын "Ақжайықтан" алды. Матч барысында елордалықтар ұтылып жатса да, Нұрдәулетов пен Нөсербаевтың арқасында Назарбаев жанкүйерлік ететін команда жеңіске жетті. Ұлттық арнада комментатор болып отырып, мен осы матчты чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі ойындардың біріне ұқсатып жібердім. Ойын өте қызықты өткенін ұлттық арна көрермендерінің барлығы да көрген шығар.

"Ел арнада" өткен "Сұңқар" мен "Ордабасы" кездесуі жеңімпазды анықтай алмады. "Атырау" командасының сапында жергілікті ойыншылар да гол соға бастады. Әр тур сайын Тарас Данилюк қана гол соғып келген болса, осы турда Шафф пен Сараев мергендіктерімен танылды.

"Оқжетпестің" өлген жері осы болды. Өз алаңында тағы да үш гол айырмасымен ұтылды. Турнирлік кестенің ең соңғы орны көкшеліктердің тұрақты мекеніне айналған сияқты. Догадайло кетпей, көкшетаулық командаға тыныштық жоқ секілді.

Ел чемпионы қостанайлық клубты ұтып жатқанымен, ойын барысында Грозный жігіттерінің қарқынына төтеп бере алмады. Жолшиев бұл турда да гол соқты. Бір емес екі гол соққан Бауыржан бомбардирлер көшіне қосылды.

Қазақстан футболына мықты легионерлер келгенін айтып та, жазып та жатырмыз. Солардың ішінде мамандардың пікірінше "Ақтөбе" шабуылшысы Брана Иличті ерекше атап өткен жөн. "Жетісу" қақпасына екі доп соққан Илич алдағы уақытта ақтөбеліктердің кумирі атануы әбден ықтимал. "Црвена Звезда" командасының көп түлегі биылғы біріншілікті қыздыруда. Илич пен бапкер Петрович секілді т.б Сербия футбол мектебінің өкілдері 21-біріншіліктің көркін келтіруде.

Ермұхамед МӘУЛЕН

Футбол. Қазақстан. Премьер-лига
Атырау - Қайрат 25.03.2012 16:00 2:0 (1:0)
Окжетпес - Ертіс Павлодар 25.03.2012 16:00 1:4 (0:3)
Ақтөбе - Жетісу 25.03.2012 17:00 4:0 (3:0)
"Cұңқар" - "Ордабасы" 0-0
Астана Акжайык
2 1
  Kayrat Nurdauletov (pen) 36
  Tanat Nuserbaev 51
  Igor Zenkovich 7
Қайсар - Тараз 25.03.2012 15:00:00 Есеп: 1:2 (1:2)
Тобыл - Шахтёр Қарағанды 25.03.2012 15:00:00 Есеп: 3:1 (0:1)
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров