Жарнама
Жарнама

30-тур. "Астана" чемпиондыққа бір табан жақын

27.10.2014, 05:51
Жарнама
Жарнама
30-тур аясындағы матчты "Астана" командасы сыртта қарағандылық шахтерге қарсы өткізді. Қарағандыда қалың қар жауып, жасыл алаңды түгел ақ көрпеге орады. Қаржы тапшылығын бастан өткеріп жүрген қарағандылықтардың тізгінін бұл күні Олег Корниенко ұстады. Бізге белгісіз себептермен Виктор Кумыков бұл күні өз командасының қасында бола алмады. 1-таймда астаналықтар ойынды бірден қолға алды. 33-минутта айып алаңында пенальти белгіленіп, оны атанас курдов дәл орындады. Әр ойыннан тек 3 ұпай алуды мақсат тұтқан астаналықтар, екінші таймда да алға шықты. Бірақ, ауа райының кесірінен кейбір шабуылдар соңына жетпей жатты. Жарақатынан айығып ойынға қайтадан араласып жүрген болгариялық шабуылшы Атанас Курдов 80-минутта екінші голды соқты. Жеңіске жеткен "Астана" командасы 39-ұпайменен бірінші орынды сақтап қалды.

30-тур.

 

25Қазан

ЕРТІС : ТОБЫЛ 1:1 (0:0) 

25 Қазан

АТЫРАУ : ТАРАЗ 3:2 (1:2) 

26 Қазан

ЖЕТІСУ : СПАРТАК 2:1 (0:0) 

26 Қазан

ҚАЙСАР : АҚТӨБЕ 2:2 (1:2) 

26 Қазан

ШАХТЕР : АСТАНА 0:2 (0:1) 

26 Қазан

ҚАЙРАТ : ОРДАБАСЫ 2:0 (2:0) 

 

 

Турнир кестесі

 

М  Клуб О Ұ Т Ұ ДОП ҰП
1  АСТАНА 29 16 10 3 57-21 39
2  ҚАЙРАТ 30 18 5 7 56-27 38
3  АҚТӨБЕ 29 14 10 5 45-30 31
4  ҚАЙСАР 30 9 13 8 28-30 24
5  ОРДАБАСЫ 30 12 5 13 30-39 24
6  ШАХТЕР 30 11 6 13 38-44 21

 

7-12 

 

7  АТЫРАУ 30 10 7 13 29-37 25
8  ЕРТІС 30 8 10 12 36-43 22
9  ЖЕТІСУ 30 9 8 13 20-29 22
10  ТАРАЗ 30 8 7 15 31-42 22
11  ТОБЫЛ 30 8 12 10 30-35 20
12  СПАРТАК 30 6 7 17 27-50 18

 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров