Жарнама
Жарнама

31 жастағы ағайынды Бендерлер мансабын аяқтамақ

22.12.2020, 02:51
Неге ерте жастан мансабына нүкте қойғысы келді екен?
Жарнама
Жарнама

“Байердің” ресми сайтының хабарлауынша, егіздер Ларс пен Свен маусым аяқталысымен бутсыларын шегеге ілмек.

31 жасар ойыншылардың келісімшарты жазда аяқталады. Бірақ бауырлар келісімшартты ұзартпау туралы шешім қабылдады:

”Болашағымыз жайлы көп ойланып, “Байермен” келісімді ұзартпауды ұйғардық. Бұл шешімнің клубқа қатысы жоқ. Денсаулығымыз бен отбасымыз үшін осындай қадамға баруға мәжбүрміз. Ағымдағы маусымнан кейін жоғары дәрежеде ойнай алмайтынымызға көзіміз жетті. Ойында болсын, жаттығуда болсын бар күшімізді салатынымызды бәрі біледі. Бірақ, өкінішке орай, физикалық әлеуетіміздің төмендеуі мен жиі ауырсынуды сезіну салдарынан 100% күшімізді салу күннен-күнге қиындап барады”, – деп түсіндірді ағайындылар футболдан кету себептерін.

Қос ойыншы да мансабын “Мюнхен-1860” сапында бастаған. Ларс “Байерге” 2009 жылы ауысса, Свен 2017 жылы леверкузендік клуб қатарына қосылды.

Ларс “Байер” үшін барлық турнирлерде қазіргі уақытқа дейін 337 кездесуге қатысса, Свен 123 матчта “арыстандар” намысын қорғаған.

“Байер” Бундеслигада 13 ойын өткізіп, 28 ұпай еншілеп, екінші орында келеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров