Жарнама
Жарнама

35 жастағы қазақстандық бапкер «Спартак» клубында жұмыс істемек

04.12.2021, 20:14
Экс-футболшы соңғы бес жыл бойы «Қайратта» жұмыс істеді.
Жарнама
Жарнама

«Қайрат» клубында физикалық дайындыққа жауапты болған жаттықтырушы Вадим Боровский «Спартактың» бапкерлер штабына қосылады. Бұл туралы алматылық клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

35 жастағы маманның мәскеулік клубта қандай қызметке тағайындалатыны әзірге белгісіз. Боровский ойыншылық мансабын аяқтағаннан кейін «Қайратта» бес жыл бойы жұмыс істеді.

Боровский ойыншы ретінде қарағандылық «Шахтер», «Алма-Ата», «Атырау», «Жетісу» және басқа командаларда ойнаған. «Шахтер» сапында Боровский Қазақстан чемпионы (2011, 2012) атанып, ел кубогі (2013) мен Суперкубогін (2013) жеңіп алды. Сондай-ақ «Алма-Ата» және «Атырау» клубтарымен бірге Қазақстан кубогін иеленді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров