Жарнама
Жарнама

“Барса” 90 миллион еуроға шабуылшы сатып алуға дайын. Левандовскидің орнын кім баспақ?

18.08.2025, 08:00

"Барселона" Левандовскидің мұрагерін таңдады.

Жарнама
Жарнама

Аргентиналық шабуылшы Хулиан Альварес "Атлетико Мадридке” келгеннен кейін Ла Лигаға тез бейімделіп, 37 ойында 17 гол соқты.

El Nacional басылымының хабарлауынша,  оның есімі "Барселонаның” 2026 жылғы негізгі трансферлік нысанасына айналып отыр. Клуб президенті Жоан Лапорта да Альваресті өз командасында көргісі келеді. Өйткені мансабының соңына жақындаған Роберт Левандовскиден кейін шабуыл шебін жаңарту қажеттілігі туындауда.

Альварестің энергиясы, гол соғу түйсігі мен тактикалық ойы "Барселонада" жоғары бағалануда. Ол Диего Симеоненің қол астында өзін толық дәлелдеп, Ла Лига деңгейіне дайын екенін көрсеткен.

Бас бапкер Ханси Флик те анағұрлым мобильді әрі әмбебап шабуылшы іздеуде. Альварес оның ойын стиліне мінсіз сәйкес келеді деп есептелуде. Ол дәстүрлі "9-нөмірлі" форвард болмаса да, қозғалысы, доп жоғалтқаннан кейінгі прессингі және сызықтар арасында ойнау қабілеті арқасында жоғары қарқынды, икемді тактикалық схемада аса құнды ойыншы бола алады.

Алайда басты кедергі "Атлетиконың” қатаң ұстанымы. Олар Альваресті кемінде 90 миллион еуроға бағалап отыр және келісімшартын 2028 жылға дейін ұзарту жұмыстарын бастап кеткен.

Қазірше Альварестің "Атлетикодан" кететіні жайлы нақты ақпарат жоқ. Дегенмен оның айналасындағы адамдардың айтуынша, егер "Барселона” оған ресми ұсыныс жасаса, Аргентиналық шабуылшы Мадридтік клубтан  кетуге дайын көрінеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров