Жарнама
Жарнама

4-турдан не күтеміз?

31.03.2011, 17:46
Жарнама
Жарнама
Премьер-Лига 4-тур 16:00 «Жетісу» — «Қайсар» 16:00 «Ордабасы» — «Тараз» 17:00 «Тобыл» — «Шахтер» 17:00 «Ертіс» — «Восток» 18:00 «Атырау» — «Қайрат» 18:30 «Локомотив» — «Ақтөбе»

Ерте басталатын екі кездесуде алаң иелері жеңіске жетуі керек деп есептейміз. Алғашқы ойында өз алаңында "Қайратқа" жеңіліп қалған талдықорғандықтар осы кездесуде жеңіске жететін шығар. Себебі бұл кездесу жақсы стаджионда, жанкүйерлердің қолдауымен өтеді джеп күтілуде.

"Ордабасы"- "Тараз" арасындағы кездесуді оңтүстіктің дербиі деп айтуға толық негіз бар. Дербиі жоқ дербес ел біз ғана ма? - деп ұран салып жүргендердің назарына бұл жақсы айғақ. Алаңдағы айқасты көріп осы матчтың дербиден еш кемдігі жоқ екенін ұғыңыздар.

Сағат 5-те басталатын екі кездесідің алғашқысын ерекше атап өткен жөн. "Тобыл" да "Шахтер" де жақсы ойын көрсетіп жүрген командалар. Қонақтар командасының бас бапкері Кумыков сапына мықты ойыншыларды жинады. Хижниченко мен Көкеевтер Эрбес шығаратын пастарды жақсы пайдаланатын болса сырт алаңдағы кездесуде гол ұрыу ықтимал. Қорғаныстан қателіктер жіберген "Тобыл" өткен кездесуде "Ақтөбеге" ұтылған еді. Енді соны қайталамауға тырысатын болады қостанайлықтар. Бұл кездесуде 3 гол кіріп қалуы мүмкін.

"Ертіс" - "Востокты" 2:0 есебімен ұтатын шығар деген болжам бар. Сыртта қарағандылықтарға ірі есеппен жеңілген "Ертіс" өз алаңында өскеменнен келген қонақтарды ұтуы керек.

"Атырау" - "Қайрат" 1:0. Болжамға қарар болсаңыз "Қайраттың" гол ұруы қиын команда екенін бірден ұғасыз. Тізімде жүрген ойыншылардың атақ даңқына қарап теріс ойлаудың да керегі жоқ. Байрамов та, Струков та ұрымтал сәттерді өздері жасап, өздері голға айналдыра алатын жағдайдан аулақ. Ал осындай қасиеттерімен көрініп жүрген Огбонна Зито бар білгенін істейтін болса алаңнан гол ұрмай кетпейді. Рамиз Мамедов командасы гол ұратыны анық секілді. "Локо" - "Ақтөбе" ойыны 4-турдың басты кездесуі. Чемпиондыққа үміттеніп жүргендердің ойынынан не күтерімізді де білмейміз. Астаналық команда өз алаңында жақсы өнер көрсететін ұжым, ал оның үстіне бұл жолғы қарсыласының кім екенін айтар болсаңыз онда бүгін тіпті қызық ойын болуы керек. Олар мұндай маңызды кездесулерде салбыраңқы тартып қалуы мүмкін. "Ақтөбе" сапындағы Малик Маненнің ойынын көргіміз келеді. Өткенде "Тобылға" екі доп соққан қара маржанның деңгейін анықтап қарауға бұл да бір жақсы сәт. Тити мен Малік қосылып мәнді өнер көрсетер болса астаналықтарға бүгін 1 ұпайдың өзі әдептәуір табыс болғалы тұр.

Ермұхамед МӘУЛЕН

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров