Шотландия Премьер лигасының көшбасшысы "Хартс" сырт алаңда "Дандиге" қарсы аса қиын матч өткізіп, 1:0 есебімен жеңісті жұлып алды, деп хабарлайды Aladop.kz.
Қызыл қағаз және тактикалық өзгеріс
Матч қонақтар үшін сәтті басталды. Клаудио Брага есеп ашты. Алайда бірінші таймның соңында "Хартс" қақпашысы Александр Шволов айып алаңының сыртында ереже бұзып, тікелей қызыл қағаз алды.
Дәл осы оқиға Қазақстандық жанкүйерлер күткен сәтке кедергі келтірді. "Хартстың” жаңа ойыншысы Ислам Чесноков бұл кездесуде дебют жасауы тиіс еді. Бірақ команданың бір адаммен кем қалуы Дерек Макиннесті тактиканы өзгертуге мәжбүрледі. Қорғанысты күшейту мақсатында бапкер Чесноковты алаңға шығармауға шешім қабылдады.
Ардагердің ерлігі: Керемет сэйв
Алаңда бір ойыншысы кем болса да, "Хартсты” 43 жастағы аңыз қақпашы Крейг Гордон құтқарып қалды. Ол 94-минутта Эмиль Акуаның голға айналуы тиіс соққысын қайтарып, стадионды таңғалдырды. Сарапшылар Гордонның бұл қимылын 1970 жылғы әлем чемпионатындағы атақты Гордон Бэнкстің сэйвімен теңестіруде.
Турнирлік кестедегі жағдай
Бұл жеңістен кейін "Хартс" турнир кестесінде "Селтик" пен "Рейнжерстен” 6 ұпайға ұзап кетті. Команданың чемпиондыққа деген сенімі нығая түсті.
Ислам Чесноковтың дебютін келесі матчтарда күтеміз. "Хартс” алдағы сәрсенбіде "Сент-Мирренді” қабылдайды, ал сенбіде Шотландия Кубогы аясында "Фолкеркпен” кездеседі.
Біздің серіктес: FONBET