Кеше Қазақстан мен Уэльс матчының алдында БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз-мәслихаты өткен.
Сонда бір әріптесіміз Дастан Кенжалин ұлттық команда қорғаушысы Нұралы Әліпке ыңғайсыз сұрақ қойып қалды.
«Ұлттық құрама мен клубтарда бір мәселе – ойыншылар бір-біріне 5–10 метр жерден де тура пас бере алмайды. Соның кесірінен қақпаға голдар жиі соғылады. Бұл мандраж ба? Мәселен, Солтүстік Македониямен ойында Асхат Тағыбергеннің қателігінен гол соғылды. Осындай кемшіліктермен қалай жұмыс істейсіздер?» – деген сауал қойған еді Д. Кенжалин.
Бұған Нұралы Әліп былай деп жауап берді:
«Өзіңіз футбол ойнап көрдіңіз бе? Қателік барлық жерде болады. Үлкен чемпионаттарда да миллиондық жалақы алатын ойыншылар мүлт кетеді. Мысалы, соңғы матчта Асхаттың пасына менің аяғым тимей қалды, он секундтан кейін гол соғылды. Бұл – футболдың заңдылығы, әр маман өз жұмысында қателеседі».
Бүгін Қазақстан ӘЧ-2026 іріктеуі аясында Уэльсті қабылдайды. Ал жексенбіде Бельгиямен күш сынаспақ.
Біздің серіктес: FONBET