Жарнама
Жарнама

5 миллион теңге жалақы алады

Қазақстандық бір сайт "Оқжетпес" ойыншыларының жалақысы жайлы жазыпты. 

Жарнама
Жарнама

Мысалы “Оқжетпес” командасына келіп қосылған Аслан Дарабаев Түркиядағы жиында келісімге отырды. Ол сол кезде айына 5 миллион теңге жалақыға келісімге отырған деседі. Бұл ресми ақпарат емес әрине. Алайда, бізге жеткен алып-қашпа әңгіме, инсайдтар осылай дейді. Ал командадағы тағы бір “қымбат” ойыншы Тимур Досмағамбетов көкшетаулық клубта 5 млнға жуық қаржы алып жүр. Ол жергілікті футбол мектебінің түлегі, әрі тәжірибиесі өте мол футболшы. Одан кейінгі тізімде жалақысы ең көп деп біз Нұрлан Дайыровты айтамыз. Ол айына 2,7 млн теңге көлемінде еңбекақы алады. Ал одан кейінгі футболшылар 2,5, 2,4, 1,8 млн теңге болып төмендей береді. 

“Оқжетпес" қазір 6 ойында 8 ұпай жинап, турнирлік кестенің 7 сатысында келе жатыр. Бұл команда үшін салыстырмалы түрде жалақылар аз деген сөз. Бұл командадан да аз жалақы алатын бірлі жарым болмаса қалғаны түгел көп қаржы беретін клубтар. Аз қаржымен сапалы футбол көрсетіп жатқандықтан бұл команданы мақтап атап өткен жөн. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров