Жарнама
Жарнама

50 миллион теңге айыппұл – ҚФФ президентінің анасына тиесілі зауыт неге дауға қалды?

Бүгін, 16:53

Қазақстан футбол федерациясының басшысы Марат Омаровтың жақын туыстарына тиесілі бизнес нысаны экологиялық заңнаманы өрескел бұзғаны үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Алматы облысындағы "KZ Recycling” кәсіпорны айналасындағы тұрғындардың шағымынан кейін тексеріске ілінген.

Шудың басы "Асыл Арман", "Алма Сити" тұрғын үй кешендері мен Абай ауылы тұрғындарының жаппай шағымынан басталды. Тұрғындар ұзақ уақыт бойы мазаны алған жағымсыз иіске төзе алмаған. Экология министрлігі жүргізген тексеріс мынадай заңсыздықтарды анықтады:

– Сарқынды сулар: Кәсіпорынның сүзу алаңдарынан шығатын сарқынды сулардың мөлшері белгіленген нормативтен әлдеқайда асып кеткен.

– Экологиялық залал: Жағымсыз иістің негізгі көзі - кәсіпорынның шаруашылық қызметінен пайда болатын су қоймалары екені дәлелденді.

Қайталанған құқық бұзушылық

Мәліметтерге сүйенсек, бұл компанияның алғашқы рет жазалануы емес. 2024 жылдан бері кәсіпорын үш рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 49,9 миллион теңгеге жетті.

Dop телеграм арнасы мен Nege.kz порталының хабарлауынша, бұл компания — ҚФФ президенті Марат Омаровтың анасы Шолпан Омароваға тиесілі.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров