Жарнама
Жарнама

53 жасар Миура “Иокогамамен” келісімшартын ұзартты

11.01.2021, 23:49
Неше жасқа дейін ойнар екен?
Жарнама
Жарнама

Жапониялық 53 жасар футболшы Кадзуёси Миура “Иокогома” клубымен келісімшартын ұзартты, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.

Жаңа келісімшарт 2021 жылдың соңына дейін жарамды. Миура өткен маусымда төрт матчқа қатысқан.

Кадзу кәсіби мансабында “Сантос”, “Палмейрас”, “Виссел Кобе” һәм “Дженоа” сынды т.б. клубтарда өнер көрсеткен. Ал “Иокогома” сапында 2005 жылдан бері ойнап келеді.

Сонымен қатар 1993 жылы “Азияның жыл футболшысы” жүлдесін жеңген алғашқы жапониялық ойыншы атанған.

Кадзуёси: “Менің футболға деген ұмтылысым мен құмарлығым тек артып жатыр. Бұл маусымда көбірек ойнап, командамның жеңіске жетуіне үлес қосамын”, – дейді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров