1992 жылы Қазақстан Республикасының футбол қауымдастығы ФИФА мен АФК-ның қауымдастық мүшесі болып қабылданды. Қазақстанның тұңғыш ұлттық біріншілігі мен кубогы ұйымдастырылып, екі турнирде де «Қайрат» жеңімпаз атанды. 1994 жылы Қазақстан ФИФА мен АФК-ның толық мүшесі болып қабылданды.
Осы жылы Қазақстан құрамасы Бақтияр Байсейітовтің басшылығымен Орта Азия кубогын жеңіп алды. Құрама тұңғыш кездесуін Алматыдағы Орталық стадионда Түрікменстанмен өткізді. Жеңіске жол ашқан жалғыз голды шабуылшы Владимир Нидергаус 85-минутта соқты.
1994 жылы қазақстандық клубтар арасынан тұңғыш рет «Аңсат» (Павлодар) және «Тараз» командалары Азия клубтық жарыстарына қатысты. Бұл сында ең жоғары нәтижені атауы кейінірек «Ертіс» болып өзгерген павлодарлық команда көрсетті. 2001 жылы «Ертіс» финалдық төрттікте өнер көрсетіп, төртінші орын алды.
1995 жылы Қазақстан олимпиялық құрамасы Азия аумағы бойынша бірінші кезеңде жеңімпаз атанып, шешуші кезеңге шықты. Шабуылшы О.Литвиненко 6 ойында 10 гол соқты. АФК Литвиненконы Азияның 1995 жылдың қазан айындағы үздік ойыншысы деп таныды.
1996 жылы Қазақстан құрамасы АФК аясындағы тұңғыш ресми жарысқа қатысты. ХІ Азия кубогының іріктеу кезеңінде отандастарымыз Сирия және Қатар командаларымен бір топқа түсті. 1ойында ғана жеңіп, қалған 3 ойында ұтылған қазақстандықтар финалдық кезеңге шыға алған жоқ.
1997 жылы Қазақстан құрамасы тұңғыш рет әлем біріншілігінің іріктеуіне қатысты. Алғашқы қадам өте сәтті болды және әлі күнге дейін құрама тарихындағы ең жоғары нәтиже болып отыр. Отандастарымыз алғашқы іріктеу сынында Ирак пен Пәкістанды жолда қалдырып, шешуші кезеңге шықты. Мұнда сырт алаңдағы 4 кездесудің бәрінде Оңтүстік Корея, БАӘ, Өзбекстан және Жапония құрамаларынан ірі есеппен ұтылғанымен, Алматыдағы 4 кездесуде жеңілген жоқ. 3 ойында тең аяқтап, БАӘ құрамасын 3:0 есебімен ұтты.
1998 жылы Қазақстан жастар құрамасы Азия чемпионатында 4-орын алып, Нигерияда өткен әлем чемпионатына жолдама алды. Мұнда Гана, Аргентина және Хорватия құрамаларынан ұтылып, топтан шыға алған жоқ. Шабуылшы Ерлан Оразаевтың соққан голы қазақстандықтардың әлем біріншіліктеріндегі тұңғыш добы болып тарихқа енді.
2001 жылы Қазақстан құрамасы әлем біріншілігінің іріктеуіне екінші рет қатысып, алғашқы іріктеу кезеңінде Ирак құрамасын алға жіберіп алды.
Осы жылы Қазақстан футбол одағы АФК құрамынан шығып, УЕФА құрамына кіруге талаптанды. Елімізге УЕФА сарапшылары келіп, футболдың даму барысымен танысты. 2002 жылдың 25 сәуірінде ҚФО УЕФА-ның толыққанды мүшесі болып қабылданды.
2002 жылдың жазында қазақстандық клубтар тұңғыш рет еурокубоктарға қатысты. Үш команда да алғашқы іріктеу кезеңінен өте алмады. «Жеңіс» (Астана) – Молдова чемпионы «Шерифтен», «Қайрат» – «Црвена Звездадан» (Сербия), «Атырау» «Матадордан» (Словакия) өте алмады.
1994 жылдың күзінде Қазақстан құрамасы УЕФА аясындағы тұңғыш іріктеу сынын бастады. Әлем біріншілігіне іріктеу кезеңінде отандастарымыз Украина, Грекия, Түркия, Грузия, Албания құрамаларымен бір топқа түсіп, жалғыз ұпай иеленді.
2007 жылдың 24 наурызында Қазақстан құрамасы Сербияны 2:1 есебімен ұтып, УЕФА аясындағы ресми алғашқы жеңісіне жетті. Бұл Euro-2008 турнирінің іріктеу кезеңі болатын. Голландиялық маман Арно Пайперстің басшылығымен Қазақстан құрамасы 10 ұпай жинады. Бұл нәтиже күні бүгінге дейін жаңарған жоқ.
2009 жылдың шілдесінде Астана қаласында таза футболға ғана арналған «Астана-Арена» кешені ашылды. 30 мың адам сыятын стадионда Қазақстан құрамасы ресми кездесулерін өткізіп келеді.
2009 жылдан бері арнайы келісім нәтижесінде қазақстандық 26 жас өрен Бразилияның «Оле Бразил» футбол академиясында шеберліктерін жетілдіріп келеді. Алғашқы түлектер елге оралып, «Бәйтерек» футбол клубында бірінші лигада өнер көрсетуде.
Биыл Қарағандының «Шахтер» командасы Еуропа лигасының топтық турниріне жолдама алды. Бұл – біз 12 жыл күткен нәтиже. Бұған дейін отандық командалардың ешқайсысы топқа шыға алмаған болатын.
Павлодардың «Ертісі» – 5 рет Қазақстан чемпионы атанған жалғыз команда.
Есей Жеңісұлы
Сол жылы «Қайрат» КСРО футбол федерациясы кубогының жеңімпазы атанды. Кишиневте өткен финалдық матчта алматылықтар Бакудың «Нефтчиін» 4:1 есебімен ұтты.
1992 жылы Қазақстан Республикасының футбол қауымдастығы ФИФА мен АФК-ның қауымдастық мүшесі болып қабылданды. Қазақстанның тұңғыш ұлттық біріншілігі мен кубогы ұйымдастырылып, екі турнирде де «Қайрат» жеңімпаз атанды. 1994 жылы Қазақстан ФИФА мен АФК-ның толық мүшесі болып қабылданды.
Осы жылы Қазақстан құрамасы Бақтияр Байсейітовтің басшылығымен Орта Азия кубогын жеңіп алды. Құрама тұңғыш кездесуін Алматыдағы Орталық стадионда Түрікменстанмен өткізді. Жеңіске жол ашқан жалғыз голды шабуылшы Владимир Нидергаус 85-минутта соқты.
1994 жылы қазақстандық клубтар арасынан тұңғыш рет «Аңсат» (Павлодар) және «Тараз» командалары Азия клубтық жарыстарына қатысты. Бұл сында ең жоғары нәтижені атауы кейінірек «Ертіс» болып өзгерген павлодарлық команда көрсетті. 2001 жылы «Ертіс» финалдық төрттікте өнер көрсетіп, төртінші орын алды.
1995 жылы Қазақстан олимпиялық құрамасы Азия аумағы бойынша бірінші кезеңде жеңімпаз атанып, шешуші кезеңге шықты. Шабуылшы О.Литвиненко 6 ойында 10 гол соқты. АФК Литвиненконы Азияның 1995 жылдың қазан айындағы үздік ойыншысы деп таныды.
1996 жылы Қазақстан құрамасы АФК аясындағы тұңғыш ресми жарысқа қатысты. ХІ Азия кубогының іріктеу кезеңінде отандастарымыз Сирия және Қатар командаларымен бір топқа түсті. 1ойында ғана жеңіп, қалған 3 ойында ұтылған қазақстандықтар финалдық кезеңге шыға алған жоқ.
1997 жылы Қазақстан құрамасы тұңғыш рет әлем біріншілігінің іріктеуіне қатысты. Алғашқы қадам өте сәтті болды және әлі күнге дейін құрама тарихындағы ең жоғары нәтиже болып отыр. Отандастарымыз алғашқы іріктеу сынында Ирак пен Пәкістанды жолда қалдырып, шешуші кезеңге шықты. Мұнда сырт алаңдағы 4 кездесудің бәрінде Оңтүстік Корея, БАӘ, Өзбекстан және Жапония құрамаларынан ірі есеппен ұтылғанымен, Алматыдағы 4 кездесуде жеңілген жоқ. 3 ойында тең аяқтап, БАӘ құрамасын 3:0 есебімен ұтты.
1998 жылы Қазақстан жастар құрамасы Азия чемпионатында 4-орын алып, Нигерияда өткен әлем чемпионатына жолдама алды. Мұнда Гана, Аргентина және Хорватия құрамаларынан ұтылып, топтан шыға алған жоқ. Шабуылшы Ерлан Оразаевтың соққан голы қазақстандықтардың әлем біріншіліктеріндегі тұңғыш добы болып тарихқа енді.
2001 жылы Қазақстан құрамасы әлем біріншілігінің іріктеуіне екінші рет қатысып, алғашқы іріктеу кезеңінде Ирак құрамасын алға жіберіп алды.
Осы жылы Қазақстан футбол одағы АФК құрамынан шығып, УЕФА құрамына кіруге талаптанды. Елімізге УЕФА сарапшылары келіп, футболдың даму барысымен танысты. 2002 жылдың 25 сәуірінде ҚФО УЕФА-ның толыққанды мүшесі болып қабылданды.
2002 жылдың жазында қазақстандық клубтар тұңғыш рет еурокубоктарға қатысты. Үш команда да алғашқы іріктеу кезеңінен өте алмады. «Жеңіс» (Астана) – Молдова чемпионы «Шерифтен», «Қайрат» – «Црвена Звездадан» (Сербия), «Атырау» «Матадордан» (Словакия) өте алмады.
2004 жылдың күзінде Қазақстан құрамасы УЕФА аясындағы тұңғыш іріктеу сынын бастады. Әлем біріншілігіне іріктеу кезеңінде отандастарымыз Украина, Грекия, Түркия, Грузия, Албания құрамаларымен бір топқа түсіп, жалғыз ұпай иеленді.

www.el.kz
Есей Жеңісұлы