Жарнама
Жарнама

А. Қожабергенов: «Қайраттың» жетістігі демеу бергені анық

17.07.2025, 15:20

Қазақстандық танымал бапкер Асқар Қожабергенов Конференциялар Лигасының бірінші іріктеу кезеңінің «Ордабасы» - «Торпедо» Кутаиси қарымта ойынына байланысты болжамын айтты. 

«Торпедо» Кутайси - «Ордабасы» кездесуі
Жарнама
Жарнама

«Ордабасыны» «Торпедо» Кутаисиден жоғары деп есептеймін. Кемі деңгейлес командалар ғой. Меніңше, сырт алаңда шымкенттіктер түсінісе алмай, қателік жіберген. Әйтпесе, сондай тәжірибелі қорғаныс шебімен 4 гол жіберіп алу деген... Сол үшін «Ордабасы» сырт алаңда жіберген қателіктерімен жұмыс істеп, жинақтап келген ақпараттарын қорытып, нәтиже шығаруы тиіс. Сырт алаңда 3 гол кіргізе алатын команда, өз үйінде кемінде 2-3 доп салатын күші бар. Сондықтан, өз алаңында «Торпедо» Кутаисиден өтуі керек. Одан кейін «Қайраттың» кешегі жетістігі қалғандарына қосымша демеу бергені анық. Енді бүгін қос клубымыз да ұтып, келесі кезеңге өтеді деп сенеміз», - деді А. Қожабергенов «Аладоп.кз» сайтына. 

Қос команда арасындағы жауапты матч бүгін 21:00-де басталады. Бірінші ойында грузиялық команда 4:3 есебімен жеңіске жеткен. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров