Жарнама
Жарнама

А сериясының осы маусымдағы үздіктері анықталды

21.05.2022, 16:48
Әр позиция бойынша үздіктердің есімі белгілі болды.
Жарнама
Жарнама

«Миланның» намысын қорғап жүрген Мик Меньян А сериясының осы маусымдағы үздік қақпашысы атанды. Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметі хабарлады. 26 жастағы қақпашы бұл маусымда 31 ойынға қатысып, 21 гол жіберіп алды, ал 16 матчта қақпасын голдан аман сақтады. Меньян Стефано Пиоли командасына өткен жылдың шілде айында қосылған болатын.

«Ториноның» ойыншысы Бремер Италия чемпионатының үздік қорғаушысы деп танылды. 25 жастағы футболшы А сериясының 33 матчында 3 гол соғып, 1 нәтижелі пас берді. Бремер мен «Торино» арасындағы келісім-шарт мерзімі 2024 жылы аяқталады. Бұған дейін «Ливерпуль» мен «Тоттенхэмнің» бразилиялық қорғаушыны сатып алғысы келетіні хабарланған болатын. Бремердің трансферлік құны 30 миллион еуроға бағалануда.

«Интердің» 29 жастағы хорватиялық футболшысы Марсело Брозович маусымның үздік жартылай қорғаушысы атанды. Брозович осы маусымда 34 ойынға қатысып, 2 гол мен 1 нәтижелі пасты өз атына жазды.

«Лационың» сұрмергені Чиро Иммобиле Италия чемпионатының үздік шабуылшысы деп танылды. Иммобиле А сериясының ағымдағы маусымында 31 ойында 27 гол соқты, «Ювентус» ойыншысы Душан Влаховичтің еншісінде 24 гол бар. Ал үздік үштікті 34 матчта 21 гол соққан «Интер» командасының ойыншысы Лаутаро Мартинес түйіндеді.

«Наполидің» нигериялық шабуылшысы Виктор Осимхен маусымның үздік жас ойыншысы атанды. 23 жастағы форвард А сериясының 26 матчында 14 гол соғып, 5 нәтижелі пас берді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров