«Миланның» бас бапкері Стефано Пиоли қазан айындағы Италия чемпионатының үздік бапкері атанды, деп хабарлайды А сериясының баспасөз қызметі.
Қазан айында «Милан» ел біріншілігі аясында бес кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Стефано Пиоли шәкірттері «Аталанта» (3:2), «Верона» (3:2), «Болонья» (4:2), «Торино» (1:0) және «Ромадан» (2:1) басым түсті.
Ал кеше миландық дербиде «Интермен» тең ойнады (1:1). Стефано Пиоли осы матчтың алдында марапатталды.
Қазіргі уақытта «Милан» 32 ұпай жинап, ел чемпионатының турнирлік кестесінде екінші орында тұр.
Біздің серіктес: FONBET