Оған себеп ойыншының жарақаты мен Мексиға сапар шегуі болып табылады.
34 жастағы жартылай қорғаушы "Кардифф" сапында жүргенде осы жылдың наурыз айында "Лутон Таунға" қарсы ойында ауыр жарақат алды. Аарон тізе асты сіңіріне зақым келтірді. Соның нәтижесінде ол лазаретте 83 күн емделді. Содан қалыпқа келе сала, бірден Мексика чемпионатының “Пумас” Унам командасына келіп қосылды. Онда "Арсеналдың" экс-ойыншысы 2 матч өткізіп, 1 гол соқты.
Уэльс құрамасы Ааронды осы маусымда мазаламауды құп көріпті. Жарақатынан енді ғана айыққан футболшы құраманың маңызды ойындарына қаншалықты дайын екені белгісіз және жаңа командасына енді ғана бейімделіп келеді. Сол себептен, команда бірауыздан Ремзиді Қазақстанға ұзақ жол жүргізбей Мексикада қалдырды.
“Арсеналдан” бөлек, “Ювентус” сынды топ ұжымда тәжірибе жинақтаған жартылай қорғаушы Уэльс жейдесінде барлығы 86 матч өткізіп, құрама тарихында ең көп ойын өткерген футболшылар тізімінде 6 орында келеді.
Біздің серіктес: FONBET