«Simseknews» мәлімдеуінше, Түркия Суперлигасында өнер көрсететін "Адана Демирспор" клубы маусым соңында бірқатар футболшымен келісімшартты бұзбақшы
Олардың арасында қазақстандық шабуылшы Абат Айымбетов те бар делінген. Сондай-ақ, осыған дейін түркиялық командадан Марио Балотелли мен Нанидің де кетіп қалғаны белгілі. "Адана Демирспор" қаржылық тығырыққа тіреліп, футболшылар жарты жылдай жалақысыз жүр деген ақпараттар тарады.
Абат Айымбетов командаға ақпан айында келіп қосылған. Содан бері 9 ойынға қатысып, 1 гол салды. Түркиялық ұжым чемпионатты 12-орынмен аяқтады.
Біздің серіктес: FONBET